Қазақ ғаламторына «Qazaq Times» атты ақпараттық сайт қосылды

/uploads/thumbnail/20170709191533360_small.jpg

Қазақ тілді интернет беттерін «Qazaq Times» атты сайт толықтырды деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Бұл туралы ақын Мұрат Алмасбекұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Жаңа ашылып жатқан ақпараттық сайтқа шеф-редакторлық ететін Мұрат Алмасбекұлы:

«Ал, құрметті дос-жаран. Сүйінші және көрімдік) Жайлап бір жаңа сайт бастадық. Оқып, байқап көріп, баға беріп, ақыл-кеңес, сын-пікірлеріңізді айта отырыңыздар!», - деп сүйіншіледі оқырмандарына.

«Ең бастысы, сан түрлі ақпарат ағынының арасынан асылын екшеп, жасығын тектеп отырсақ деген таудай талабымыз бар. Сол арқылы интернет кеңістігіндегі қазақ тілді контенттің бай мазұнды, байсал ойлы, салихалы да салмақты, сауатты деңгейге көтерілуіне тамшыдай болса да үлес қоссақ деген құлшынысымыз бар. Сол құлшынысымызды қуатты іске айналдыруға, құрметті оқырман сіздердің де үлкен қолдауларыңыз керек! Сіз болып, біз болып, қазақ сөзінің, қазақ ойының, қазақ мүддесінің биіктей беруіне қызмет етейік!» деп жазылған сайт мазмұндамасында.

«Қамшы» порталы «Qazaq Times» сайтына шығармашылық табыс тілейді!

Қатысты Мақалалар