Эрдоғанға тіл тигізген адам қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20170709191531817_small.jpg

«Cumhurivet» оппозициялық газеттегі кафенің менеджері өз үйінде Стамбулда тұтқындалды деп хабарлайды vesti.ru. Оған президент Реджеп Эрдоғанды қорлады деген айып тағылған. Түркия заңы бойынша мемлекет басшысының жеке басына тиісу қылмыстық іс болып табылады және ол бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырады.

Қазіргі таңда ұсталған азамат соттың шешімі бойынша қамауда отыр. Сот «менеджердің әрекетінен қылмыстың нышандарын» байқаған. Іс материалы бойынша кафе басшысы Сенол Буран редакцияны күзететін полиция қызметкерімен әңгіме барысында Эрдоғанға тіл тигізіп, полицияға қызмет көрсетуден бас тартқан. Сонымен қатар, оған ешқашан шай сатпайтынын жеткізген. Кафе басшысының адвокаты Озгур Урфа оның Эрдоғанға ешқашан шай сатпайтынын және Түркия президентінің жеке басына тиісетіндей  ешқандай жаман сөз айтпағанын жеткізді.

Реджеп Тайип Эрдоған 10 жыл бойы Түркияның премьер-министрі қызметін атқарып, одан кейін Түркия президенті атанған. Осы уақыт аралығында  оның заңгерлері қорлауға байланысты 1,8 мың  арыз жазған. Айыпталушылардың арасында мектеп оқушылары, мультипликаторлар тіпті бұрыңғы Түркия аруы да бар. Эрдоған басқаратын билікті тартып алу әрекетінен кейін, ол барлық айыптауларды қайтып алатынын айтқан. Алайда әлі күнге дейін оны істеген жоқ.

Сәтсіз төңкеріс жасау әрекетінен кейін Түркияның барлық мекемелерінде жаппай қызметкерлерді жұмысынан босатқан. Шілде айының ортасында 110 мың адам жұмыссыз қалып, 40 мыңы темір торға тоғытылған. Көбісі АҚШ тұратын Феттуллах Гүлен негізін салып кеткен «Хизмет» діни қозғалысына қатысы бар деген күдікпен отыр. Гүленнің өзі қозғалысқа ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.  

 

Қатысты Мақалалар