Филиппин президенті жемқорларды тікұшақтан құлатуға уәде берді

/uploads/thumbnail/20170709191557366_small.jpg

Филиппин президенті Родриго Дутерте жемкор шенеуніктерді қатаң жазалайтынын айтып, тағы да даулы мәлімдеме жасады. Ол мәлімдемесінде оларды тікұшақтан құлататынын жеткізген. Оған қоса, мұндай әрекетке бұрын да барғанын айтты, деп хабарлады  Philippine Star.

«Егер сіздің сыбайлас жемқорлыққа қатысыңыз болса, онда мен сізді тікұшаққа отырғызып, Маниланың жолында сізді лақтырып жіберемін», – деді Оңтүстік Камаринес өлкесіндегі ел алдындағы сөзінде.

Мемлекет басшысы осы айда қылмысқа қатысы бар адамдарды да жеке өзі өлтіргенін мойындады. Осылайша полицияға қылмыскерлермен қалай күресу керектігін көрсетті.

Әкімдік қызметпен Родриго Дутерте 20 жыл бойы айналысып келді. Осы жылы жазда ол Филиппиннің президенті болып сайланды. Билікке келісімен, Дутерте есірткіге қарсы күрес жүргізді. Іс барысында 5000-ға жуық адам өлтірілген, одан бөлек  үш мыңға жуық адам белгісіз себептермен өлтірілді. Сыншылар Дутерте укіметін сотсыз, тергеусіз өлтіруге жүгінеді деп айыптап отыр.

Дутертенің даулы мәлімдемесінен кейін елде оппозиция мен құқық қорғаушыларды президентті уәкілдігінен айыру мақсатында парламент сотына тартуға шақырып жатыр.

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад аль-Хусейн Дутертенің мәлімдемесіне байланысты ресми тергеу жұмыстарын бастайтынын айтты.

Сонымен бірге филиппиндік Social Weather Stations статистикалық агенттіктігінің мәліметіне сүйеніп, БАҚ өкілдері   Дутертенің Филиппинде жақтаушыларының көрсеткіші жоғары екенін айтады. Мемлекет басшысының қызметімен сұралушылардың 63%-ы қанағаттанатынын жеткізген. Одан бөлек Дутерте 2016 жылғы ең ықпалды адамдардың көшін бастап,  америкалық Forbes журналының тізіміне енді. Тізімде 74 адамнан 70-орынды иеленді.

Қатысты Мақалалар