Астанада жыл аяғына дейін 8 мектеп ашылады

/uploads/thumbnail/20170708153200302_small.jpg

Астанада жыл соңына дейін 8 мектепті қолданысқа беру жоспарланған. ҚазАқпараттың хабарлауынша бұл туралы бүгін қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев айтқан.

«Жыл соңына дейін сегіз мектеп ашу жоспарлануда. Негізі тоғыз мектеп жоспарланған болатын. Оның біреуі жуырда ашылып қойды. Енді 1 қыркүйекте тағы бір мектеп қолданысқа беріледі. Ал қыркүйек айының соңына дейін тағы 4 мектепті бітіру жоспарланған. Олардың дені Сол жағалауда және бір мектеп С. Сейфуллин көшесінде орналасқан»,  - деген өз сөзінде Қ.Сенғазиев.

Оның айтуынша, 1 қыркүйекке жоспарланған нысан 100 пайыз дайын тұр. Қолданысқа берілетін 8 мектептің әр қайсысы 1200 орынға арналған.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар