Байланыс және ақпарат агенттігі Астана қаласы Есіл ауданы сотына талап жолдап, Сириядағы қазақстандықтар туралы видеоны Қазақстан аумағында көрсетуге тыйым салуды сұраған. Бұл туарлы Азаттық радиосы агенттік басшысы Асқар Жұмағалиевтің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттік талабы өздерін «Сирияда соғысып жүрген жиһадшылармыз» деп таныстырған адамдардың видео насихаты жөнінде. Жұмағалиев ол видеоның сотқа дейінгі тергеуге байланысты YouTube-тен және "Вконтакте" әлеуметтік желісінен өшірілгенін мәлімдеді. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті де ол видеоны жарияламауды не көшіріп баспауды қатаң ескерткен болатын.
Қамшы-ақпарат