iPhone 6-ның таныстырылымы 9 қыркүйекте болады

/uploads/thumbnail/20170708153219709_small.jpg

Америкалық Apple компаниясының жаңа iPhone 6 смартфонын таныстыру баспасөз конференциясы 9 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы «алма» өнімдері жайлы сенімді ақпаратты дәстүрлі түрде жеткізуші  Recode сайты хабарлаған.

ҚазАқпараттың жазуынша осыған дейін сайт смартфонның 16 қыркүйек күні таныстырылатынын және сатылымға 14 қазанда шығатынын мәлімдеген болатын.  Дерек көздері әзірге Apple-дың қыркүйек айында аппараттың бірден екі нұсқасын - 4,7 және 5,5 дюйм экранды нұсқаларын таныстырады деген ақпаратты таратпай отыр.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа iPhone-ның 13 мегапиксельді камерасы, екі ядролы А8 процессоры болады және iPhone 6-ның сынбайтын шынымен жабдықталған. Ол жақұт кристаллдарын қолдану арқылы жасаған.

Apple компаниясының өкілдері дәстүрлі түрде дайындалып жатқан шараның егжей-тегжейін соңғы секундтарға дейін құпия сақтамақ. Әзірге ешкім корпорацияның нені көрсететінін нақты айта алмайды. Осыған дейін аталмыш телефон қолданысқа енер болса ғылым-техникаға революция жасалады деген пікірлер айтылған болатын.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар