Рейтер агенттігі Президент Барак Обама: «Ресей ештеңе де істей алмайды. Әлем экономикасына ықпалы артып келе жатқан Бейжіңді ауыздықтау керек»,-деп Британдық «Экономист» журналына сұқпат берді дейді кешегі ақпаратында .
Обама сұхбатында Бейжіңнің әскери және экономикалық ықпалдарын ескере отырып, АҚШ-тың Азия аймағына жүргізіп отырған сыртқы саясаттағы қарекеттері хақында тоқталған. Дейтұрғанмен, АҚШ-тың сыртқы саясатта соңғы үш айдан бері Ресей қолдауындағы сепаратистердің Шығыс Украинадағы орнықсыздық тудыруын қамтыған халықаралық дағдарыстармен көбірек айналысқанын ескерткен.
Ресей әлемдегі үшінші үлкен мұнай өндіруші және екінші үлкен табиғи газ өндіруші ел екендігін еске сала кеткен Рейтерлықтар: «Еуропаның Ресей энергетикалық экспортына тәуелділігі Батыстың Украина дағдарысына болған ұстанымдарын күрделілендіріп отыр»,- деген уәж айта келіп, Украинадағы дағдарыс салдарының Ресейге тигізетін зардабы туралы Барак Обаманың: «Ресей президенті Владимир Путиннің уақыттық саяси мүдде үшін тудырған бұл түйткілдері Ресейдің ұзақ болашағына үлкен залал әкеледі»,-деген пікірін береді.
Ресейдің халықарадағы рөлі туралы: «Ресей түк те істей алмайды....Мәліметтерге негізделгенде, имигранттар Мәскеуге ағылып жатқан жоқ. Оның үстіне, орыс еркектерінің орташа өмір сүру ұзақтығы 60 жас төңірегінде. Ресей демографиясы тоқтаусыз құлдырауда»,-дейді АҚШ президенті.
Ал, көршілерімен мұнайға бай оңтүстік теңіздегі территорияға таласқан, батыспен интеллектуалдық меншік құқығы мәселесі төңірегінде келісе алмаған Қытай жайлы Барак Обама: «Менің Қытай жайлы ескерте кететін бір ісім: Біз Бейжіңге қатал ұстанымда болуымыз керек, себебі, олар қарсылыққа жолыққанға дейін қарсы жағын бар күштерімен ығыстырудан танбайды. Қытайлар түйсінбейді. Обстаркцияға мүлдем бейім де емес. Ал, халықаралық нормаларға мұндай өте қарапайымдылық кемдік қылады»,-дейді. «Егер Қытай әлемнің жілігі татымайтын арзан тауар өндіретін зауыты болудан интелектуалды меншігі қорғалатын жоғары сапалы өнім өндіретін зауытқа өзгергенде, онда біздің арамыздағы саудалық байланыс тіпті де оңайласа түскен болар еді»,-дейді Барак Обама.
Дереккөз: Yahoo!News.
http://news.yahoo.com/obama-russia-doesnt-anything-west-must-firm-china-201843411.html
Дайындаған: Талғар ДӘЛЕЛҒАЗЫ.