Лондонның әрбір 35-ші тұрғыны - миллионер

/uploads/thumbnail/20170708153240795_small.jpg

Лондон миллионерлер көп тұратын қалаға айналды, делінген оңтүстік африкандық New World Wealth консалтинг компаниясының зерттеулерінде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сарапшылардың бағалауынша, 3 пайыздан астам лондондықтардың таза активтері миллион доллардан асады. New World Wealth зерттеулеріне қарағанда, қалада 395 600 долларлы миллионерлер тұрады. Өткен жылы осындай зерттеу қорытындысымен Лондон Токио мен Нью-Йорктен кейін үшінші орынға шыққан болатын. New World Wealth  зерттеу жүргізуде ірі бағалы заттарды сатып алу, соның ішінде, өнер туындыларын, жеке ұшақтар, жылжымайтын мүлік, яхта сатып алу статистикалық мәліметтері қаперге алынды. Есепте миллионерлердің өздері тұратын үйлері мен пәтерлері есепке алынған жоқ, бірақ басқа жылжымайтын мүліктері ескерілді.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар