Үндістанның DNA агенттігінің журналисі Шахкар Абеди Қазақстанда секс-туризмнің танымал боп тұрғаны туралы жарияланымы үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Үндістандағы елшілігіне сілтеме жасап. Басылым үндістандық ер адамдардың курортты елдерден гөрі Қазақстанды артық көретіні туралы мақала жариялаған болатын.
Өзінің ресми мәлімдемесінде мақала авторы болған жағдай үшін өкінетінін және енді қайталамайтынын айтты. "Мен жазған мақала туризм индустриясы жетекшілері мен инсайдерлерінің бақылауларына негізделген еді, өйткені олар - туристік саладағы ахуалды жақсы бағалай білетін ақпарат көздері. Мақаламда мен атаған адамдардың көбі ондай трендтің шын мәнінде барын айтты, мен сол пікірлерді бір мақалаға біріктірген едім, мен де Үндістан мен Қазақстанның тату елдер, стратегиялық әріптестер екеніне сенемін. Сөз соңында келешекте түсініктемелер жөнінен әрқашан сіздің елшілікке хабарласатын болатыныма сендіргім келеді", - дейді Шахкар Абеди.
Естеріңізде болса аталған Үндістандық басылым Қазақстанды секс-туризмнің орталығы ретінде көрсететін материал басқан. Бұл өз кезегінде Қазақстан азаматтарының ауыр наразылығын туғызып, әлеуметтік желілерде қатаң талқыланған еді. Қазақстанның Индиядағы елшісі Дулат Қуанышев егер бұл басылым Қазақстандағы секс-туризм туралы ақпарат теріске шығарылатын болса, мақала авторына қатаң жаза қолдануды талап етпейтінін айтқан болатын.
Қамшы-ақпарат