Кремльдің баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстан және Беларусь президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескенін, онда Президенттер Еуразия экономикалық одағының интеграциялық ынтымақтастығы мәселелерін сөз еткенін айтқан. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Олар Мәскеудің Ресейге АҚШ пен Еуропа Одағынан және тағы бірнеше елден азық-түлік пен шикізат өнімдерін әкелуге шектеу қою шешіміне қатысты сауда-экономикалық саласын үйлестіру жайын да талқылаған.
Әңгіме барысында Украина дағдарысы да сөз болған. Үш ел президенттері ол мемлекеттегі қақтығысты тоқтатып, ел ішінде диалог орнату үшін бірлесе жұмыс істеу керек деп тауыпты.
Қамшы-ақпарат