Қытайлық ғалымдар Айдан гелий изотобын өндіріп, оны алдағы уақытта термоядролық реакторларда қолданбақшы. Ғалымдардың айтуы бойынша бұл әдіс Қытайдың энергия қажеттілігін толықтай қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Baq.kz
Ғалымдар Күндегі термоядролық реакциялардың салдарынан пайда болып, кейіннен ғарышта сейіліп кететін гелий-3 изотобынан энергия алуды көздеп отыр. Гелий-3 Жерге түспейді, себебі жердің қалың атмосфералық қабаты оның өтуіне кедергі жасайды. Ал Айда гелий-3 ай тозаңымен араласып сонда қалады. Ғалымдар бұл бағалы қоспа Айда 10 миллион тоннаға жетеді дейді. Ай тозаңынан гелийдің изотобын жылыту арқылы бөліп алып, артынша ол газды Жерге жіберу көзделуде. Гелий -3-ті өндіру бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан қытайлық мамандардың жүргізген есептеріне сүйенсек гелийдің 0,02 граммы мұнайдың барреліне тең энергия бөліп шығаратын көрінеді. Аталмыш топтың жетекшісі Айдағы гелий изотобы Жер тұрғындарын алдағы 10 мың жылға энергиямен қамтамасыз етуге жететіндігін айтып отыр. Бүгінгі күні Қытай әлемдегі ең ірі өндіруші және энергияны қолданушы ел болып отыр. Қытай үкіметі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аса ұқыптылықпен қарап, оның жұмысын күшейтуді мемлекеттің негізгі саясатына да енгізіп қойған.
Қамшы-ақпарат