Ұшақ апаты: Жақшылық отбасының қайтыс болғанын әлі білмейді

/uploads/thumbnail/20170709194941185_small.jpg

16 қаңтар күні 7 жастағы Жакшылык Шералиев таңертең көзін аша салып, қираған үйінің қабырғасын ғана көрді. Ол Шералиевтер отбасында тірі қалған жалғыз адам, оның 26 жастағы ата-анасы мен екі кішкентай қарындастары Сокулукский ауданындағы Дачи ауылына ұшақтың құлауы салдырынан қайтыс болды. Бұл туралы rus.azattyk.org хабарлайды.

Сокулукский аймағындағы аурухандан баланы көрдік. Оны бұл жаққа таңғы 10-да жедел жәрдем көлігі алып келді. Ол қатты қорқып қалған, бетінде жарақаттар бар, денесі көгеріп қалған және миы шайқалған.

Жағдайы бірқалыпты, бірақ, кезекші дәрігер Құтман Құмарбековтың айтуынша, балаға психологиялық көмек керек, бірақ балалар психологы ауруханада әзірге жоқ, тек невропатологтар ғана бар екен.

Соған қарамастан Жақшылық өзін берік ұстайды, жымиюға тырысады, қандай ертегілер мен мультфильмдерді көруді ұнататынын айтып береді. «Мен сарбаз болғым келеді, өйткені олар Отанын қорғайды», – деп сенімді жауап берді бала сұрақтарға.

Жақшылық оқиға жайлы бізге баяндап беруден де тайсалмады. Ол құлаған «ұшақтың сегізінші көшедегі барлық үйді қиратып жібергенін» айтып берді.

– Ұшақ жарылып кетті. Одан кейін барлық үйлерді қиратты, адамдар қайтыс болды, оларды басып қалды. Милиционерлер келді, одан кейін жедел жәрдем де келді, олар қайтыс болған адамдарды алып кетті. Милиционерлер оларға қарап тұрды. Көрші үйлерді басып қалды. Мен оларға таңертең бардым, олар маған киім беріп, жедел жәрдем көлігіне отырғызды. Енді мен осындамын...Мен ұйықтап жатқанмын. Үйден анам жаққа қарамастан қашып кеттім.

«Егер олар атамның үйінде қалғанда, тірі қалар еді»

Жақшылықтан кейін жарты сағаттан соң ауруханаға Еркін Баетова түсті.  Кішкентай бала оған бірер күн бұрын атасының үйінде болғанын, әкесінен атасының үйінде қонуды өтініп, қалуды сұрағанын айтқан. Бірақ олар жаңа тұрғызылған үйлеріне қайтып кеткен екен:

– Мен ине қабылдап жатканмын, ал ол маған: «Әже, тұр, мен саған бәрін айтып беремін»,– деді. Және ол маған әкесінен атасының үйінен кетпеуді өтінгенін айтып берді. Оның әкесінің аты Ұларбек. Жастар қыздарын дәрігерге көрсетіп жүр екен. Жақшылық әкесінен қалуды өтінсе де, келіспепті. Бір бөлмеде бесеуі ұйықтауға жатады. Ол таңертең тұрып, фундаменттен басқа ештеңе көрмегенін айтты.  Ол маған айтты: «Әже, мен көзімді ашсам, тек қабырғанын арасында жаттым, ештеңе есімде жоқ, мен тоңып кетттім. Мен тек фундаментті көрдім, ештеңе қалмады. Көршілерге барайын деп шештім. Ол үнемі менің итімнен қорқатынын айтты. Бұл жолы ит те үрмеді. Олар мені киіндіре бастады», – деді. Маған бұны тыңдау ауырға соқты.

Жақшылық ауруханаға түсе салысымен, бүкіл аурухана оған көңіл бөлді. Еркін Баетованың сөзінше, барлық дәрігерлер балаға барынша қамқорлық көрсеткен, өйткені оның қасында ешкім болмаған еді. Дәрігерлер туыстарын табуды сұраған, бірінші болып оған әжесі келді. «Әжесі оны көре салысымен, қысымы көтеріліп, өз-өзіне келе алмады», – деп жеткізді баламен бір бөлмеде жатқан адамдар.

Бақтыгүл Игамбердиева деген туысы келді. Еркін мен Бақтыгүл екеуі баланың әр сөзі мен күлгенін көріп, көз жастарын тия алмаған. Олар балаға ештеңе айта алмадық деп отыр.

Жақшылық – үйдің үлкені, одан кейін бес және екі жастағы қарындастары болған. Сол күні олар бесеуі бір бөлмеде бірге ұйықтаған. Ертең оның ата-анасы мен қарындастарын жерлейді, олардың өлімі жайлы балаға айтуға бата алмай отыр:

– Ата-анасының өлгенін бала әлі білмейді. Бірақ ол маған айтады: «Әже, ата-анамды күтпеңіз!»,– деп. Ол жүрегімен сезетін сияқты. Білмеймін, мүмкін, көрген шығар, мүмкін сезетін шығар. Ол тек әжесін іздейді, өйткені ол қайтып келемін деп үйіне кеткен еді. Бүгін ол жаққа өлгендердің денесін апарады. Ол өзін үйге апаруды сұрайды. Әрине, біз оның жалғыздықты сезінбеуі үшін бәрін істейміз, бірақ ата-анасының орнын кім алмастыра алады дейсің?

Boeing 747-400 ұшағы «Манас» әуежайында құлап, салдарынан 35 адам қаза тапқан болатын. Олардың арасындағы ең кішісі 4 айлық нәресте болған. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар