Қазақстандық Алина Мұстафинаның Жиронда түсірген видеосын ресейлік тележүргізуші Иван Урганттың «В поисках Дон Кихота» бағдарламасында пайдаланған. Бұл туралы журналист Алина Мұстафина өзінің Facebook парақшасына жариялады.
«23 минут 15 секундтан бастап Иван Ургант пен Познердің бағдарламасында менің (20 секунд) видеомды көрсетті. Мен оны Жирон қаласында түсірген едім. Кездейсоқ оны бірінші арнаның сайтында көріп қалдым. Мұны мақтан тұту керек пе, әлде заңгерге төлейтін қаржыны жинай берейін бе? Неліктен меннен рұқсат сұрамады немесе титрға қоспаған?» деп өз наразылығын білдірді.
Ресейлік бірінші арнаның баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында бағдарлама режиссері Валерий Спирин Алина Мұстафинаның материалын пайдаланғанын мойындап, одан кешірім сұрағаны айтылады.
Иван Урганттың "В поисках Дон Кихота" бағдарламасының авторлары қазақстандық Алина Мұстафинаның видеосын қолданғандары үшін қаламақы төлейтін болды.
Пікір қалдыру