Эльвира Ерғалина өзінің facebook парақшасында былай деп жазады:
Ауылдағы туған-туыстарым шетінен Инстаграмға тіркеліп жатыр екен. Әйтеуір, қайда жүріп-тұрғанымнан хабардар.
Одан да Фейсбукке тіркелсе ғой деп қалдым. Әсіресе, мұғалімдер.
Қатырып жаңалық алып не беріп жатпаса да, талқыланып жатқан біраз нәрседен хабардар болар еді-ау...
Бұлай деуіме себеп бар.
50 мұғалімі бар мектепке ЭКСПО билеттерін әкеліпті. 40 дана. "Барғандарың жақсы. Бармай жатсаңдар да, билет алуға міндеттісіңдер," депті. Билет құны 2000-8000 теңге аралығында.
Енді жеңгем: "Соған бола мына жақтағы тірлікті тастап бару қайдан, 2 билет алып, саған беріп жіберсем болатын шығар?" дейді.
Ол қалай сонда деп қалғам.
Дәл сол ауданда, бірақ, басқа мектепте мұғалім боп істейтін тағы бір жеңгем де солай дейді. "Аласыңдар, бару/бармау өз еріктеріңде," депті. Бағасы сол - 2000-8000 теңге аралығында.
Шошыдым. "Жалпы Ордабасы ауданының мұғалімдеріне 2000 билет бөліпті. Ал десе, аламыз. Айлықтан ұстайды ғой бәрібір," деп отыр жеңгелерім. Беті ашылмаған күйі пешке кететін газет-журналына жазылып отырғандай еш эмоциясыз айтады ғой тағы.
"Бармасақ, неге алуға міндеттіміз?" деп сұрамадыңыздар ма дедім. Жоғары жақтың приказы екен.
Қызығы, қаланың мектептеріне ондай міндет жетпепті әлі.
"Өз құқығын қорғауды білмейді, аңқау, айдағанға көне береді деп ауылдың мұғалімдерін "сорып жатыр" екен ғой. Қарсыласпай көне беретін өздеріңізден екен бәрі. «Лох» боп жүріңіздер сол," деп күлдім жеңгелеріме. Екеуі тызылдап қалды. Расы сол ғой.
Пікір қалдыру