Трамп жыныстық бопсалау жасады деп айыпталды

/uploads/thumbnail/20170709195203860_small.jpg

«Оқушы» телешоуының бұрынғы қатысушысы Саммер Зервос АҚШ президенті Дональд Трампты қаралайтын ақпарат таратқаны үшін сотқа берді деп хабарлайды bbc.com.

Саммер Зервос 2007 жылы Трамп қызды Лос-Анджелестегі Beverly Hills қонақ үйіне жұмысқа алудың алдында сұхбаттасу үшін шақырғанын айтады.  Алайда кездесуде Трамп оны сүйіп, құшақтай бастады дейді қыз.

Трамп барлық айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Зервос бұл ақпаратты арнайы пресс-конференцияда айтты. Ол Дональд Трампты «өтірікшті және әйелдерді жеккөретін адам» деп атады. Оның сөзінше Трамп оны қорлады.

Зервостың ойынша, Дональд Трамп қыздың айыптауларын жоққа шығару арқылы ол туралы жалған ақпарат таратып, жыныстық бопсалау әрекеттері туралы арызын жалған деп кінә тағып отыр.

Бұған дейін ол Трамптың өз сөзінен бас тартуын сұрады. Егер Трамп өз кінәсін мойындаса ол айыптардан бас  тартатынын айтқан. Алайда АҚШ-тың сайланған президенті өз кінәсін мойындамады.

Күз айларында Дональд Трамп президенттік сайлауға түскенде бірден бірнеше әйел оны жыныстық бопсалады деп айыптаған. Көбі оларға қоғамдық орында тиіскенін айтқан.

 

Дональд Трамп әйелдердің айыптауларын жала деп айтып, оларды сотқа беруге уәде берген. Алайда әлі күнге дейін сотқа жүгінбеді.

 

Қатысты Мақалалар