Қазақстанда Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі құрылғаннан кейін министр болып келген Дәурен Абаев еліміздегі ірі БАҚ басшыларын ауыстырған болатын.
Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы 2016 жылдың 1 қазанынан бастап «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалған. Ол бүгін аталған қызметтен кететінін мәлімдеді.
"Құрметті достар!
"Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетуді ұйғардым. Оқу туралы іске асырылмай қалған ойларым бар еді, соларды жалғастырсам деймін. Аз уақыт ішінде көп шаруа бастадық. Менiң кеткенiме қарамастан, жалғасы болады деп үмiттенемiн. Ең бастысы - жақсы адамдармен таныстым, кәсіби мамандар, керемет орта. Корпорацияның болашағы зор!
Өзім үшін қазақ телевизиясының қара шаңырағында қызмет ету үлкен тәжірибе болды. Әрiптестерiме де, барлық жанашырларыма да көп рахмет!", - деп жазды жақында ғана корпорация басшылығына тағайындалған Кемелбек Бақтығұлұлы.