Мына он минуттық видеода әртүрлі уақытта, әртүрлі жерде болған оқиға жинақталған. Онда адамдардың өзгенің қиыншылығына бей-жай қарамай, жұмыла бір-біріне көмек қолын созғанын көруге болады. Қайырымдылық, мейірімділік, ер жүректік, адамгершілік секілді жоғары қасиеттерді де байқайсыз. Адамшылық ұғымының терең мәнін өзгеге қол ұшын бергенде түсінгендей боласың. Видео кейіпкерлері адамдарға ой салып, жақсылық жасауға деген құлшынысын арттыратындай.