Назарбаевтың сирек кездесетін отбасылық суреті жарияланды

/uploads/thumbnail/20170709200707565_small.jpg

Сурет Баянауылда 70-жылдардың соңында түсірілді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың 1970 жылдары түсірілген сирек кездесетін отбасылық суретін Павлодар облысының дін істері бойынша басқарма төрағасы Дәулет Закарьянов Facebook парақшасында жариялады. Фотоны бала кезіндегі досының альбомынан кездейсоқ көріп қалған.

«Фото менің досым Арман Әліннің альбомынан алынды. Сурет Баянауылда 70-жылдардың соңында түсірілген. Нұрсұлтан Назарбаев отбасымен бірге Арманның ата-анасының үйінде – Әлін Ысқақ Нұрғалиұлында (Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында отыр) қонақта болған. Ол кезде Жаңатілек орта мектебінде директор болып қызмет істеген. Және Кәмилә тәте ( Сара Алпысқызының қасында, сол жағында тұр). Ысқақ Нұрғалиұлы тамаша адам және педагог, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Назарбаевпен бірге келген Баянауыл ауданының тумасы, академик, Еңбек ері – Әбілқас Сағынов», – деп Закарьянов сурет жайлы айтып берді.

Қатысты Мақалалар