Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аяш Мәкенова «Мектепке жол» шарасының басталуы қарсаңында мәлім еткен:
«Біз «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды тек киіндіріп қана қоймай, сонымен қатар балалардың сапалы білім алуларына кедергісіз жету мүмкіндіктерін де жан-жақты қарастырамыз. Солардың бірі мектепке алыс аудандарда тұратын балалардың оқуға қауіпсіз жетуін қадағалау. Қазіргі таңда Республика бойынша білім ордалары жоқ 1591 елдімекен бар. Сол аймақтарда тұратын балалардың барлығы мектепке келіп кетуге мұқтаж. Біз сол елдімекендердің әкімдерімен бірлесе отырып балаларды мектепке алып бару және қайтып алып келу мәселелерін талқылаудамыз. Ол дегеніміз көліктердің дұрыс болуы, қажет жағдайда жаңа автобустар сатып алуға мүмкіндік жасау және біздің балаларымыздың өміріне жауапты жүргізушінің өз ісінің маманы болуын қадағалау. Яғни, балалардың «Мектепке жолын» шынымен де қауіпсіз ету»
Baq.kz хабарлағанындайбБүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізетіндігін жариялады. 6 жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл акция аясында 2 миллионға жуық бала жалпы соммасы 8 млрд 300 млн теңге көлемінде материалдық көмек алды. Оның ішінде демеушілер мен меценаттар жалпы соммасы 3,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсеткен.
Қамшы-ақпарат