Жаз басталғалы Жапонияда ыстық күннен зардап шеккендер саны 30 мың адамға жетті. ҚазАқпараттың хабарлауынша соңғы аптада күн өтіп, сегіз адам қаза болды, төрт мыңнан астамы ауруханаға жатқызылды. «Халон» тайфуны кезінде күн райы 27-28 градус Цельсийге дейін төмендегеніне баланысты өткен аптамен салыстырғанда, қаза болғандар саны 20 пайызға азайған.
Осыған дейін Токио полициясы Жапонияның астанасында аптап ыстықтан 30-дан астам адамның қаза болғанын хабарлаған болатын. Жапонияның Метеорологиялық басқармасы алдағы уақытта күн тағы ыситынын ескертеді.
Қамшы-ақпарат