Адам өмірін толықтай өзгерткен қайырымды іс жұрт назарына ілікті

/uploads/thumbnail/20170709200740776_small.jpg

Қайырымды іс жасау үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Тек айналаңа бір қарап қойып, өзіңде бар нәрсеңмен бөліссең жетеді. Мейлі, ол материалдық дүние болсын, рухани болсын. Лондондық үйсіз адам да солай істеді. Ол 22 жасарлық Шарлотт Эллисс пен Тейлор Уолдонды аязды күні тоңып қалуға жол бермей, қастарынан табылды.

«Қамшы» редакциясы бірден үш адамның жанына жылу сыйлаған оқиғаны сіздермен бөліседі.

Шарлотт пен Тейлор соңғы пойызға кешігіп қалып, қаңтардың аязында төрт сағат бойы келесі пойызды күтуге мәжбүр болады.

Оларға үйсіз жүрген Джоуи есімді ер адам келіп, оларға өзінің пальтосы мен жамылғысын ұсынады: «Алыңыздар, қазір суық, ал сіздерге әлі ұзақ күту керек болады».

Жастар көмегін қабыл алады. Алайда алғыс ретінде жуынып, ұйықтап, тамақтанып алсын деп оны да үйіне шақырады.

Джоуи олар қалжыңдап жатыр деп ойлап қалады, бірақ Шарлотт олсыз үйге қайтпайтынын үзілді-кесілді жеткізеді. Соңында олар достасып кетеді және бұл оқиғаны қыз фейсбукте бөлісуді жөн санайды.

Жүздеген адамдар Шарлоттың мейірімділігіне таңырқаса, кейбірі жастардың әрекетін ессіздікке балады. Шарлотт: «Адамдар байыбына бармай жатып, шешім қабылдай береді. Оған тек қана керегі – адамдардың оған деген сенімі. Олар да сіздер мен біздер сияқты адамдар».

Жастардың достары Джоуиға телефон мен жаңа киім сыйға тартады, ал 5 күннен кейін Шарлотт пен Тейлор оған жұмыс табуға көмектеседі. Шарлотт фейсбугінде: «Біреудің өмірін әп-сәттте жақсы жағынан өзгерту қандай оңай екенін адамдар түсінеді деп үміттенемін» деп пікір қалдырды. 

Қатысты Мақалалар