Ақтөбеде сотталған 7 содырдың 4-теуі орта мектеп оқушысы деп жазады central.asia-news.com.
Сотталған қазақстандық Нұрхан Сейітқалидің ғаламторға 2014 жылдың қыркүйек айында жүктеген видеосынан кішкентай баланың пулеметпен атып жатқанын көруге болады. Видео Ирактың ДАИШ тобының жаттықтыру лагерінде түсірілген болуы мүмкін.
Қазақстандық билік күшінің арқасында Ақтөбенің орта мектеп оқушыларынан тұратын қылмыстық топ әшкереленді.
Ақтөбенің жеті тұрғыны террорлық топ құрып, терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырғаны үшін сотталған. Олардың ішінде кәмелет жасқа толмағандар да бар. Оларға 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді.
Үлкен мақсаттар, бірақ қысқа тарих
Сотта айыпталушы содырлар терактіні ұйымдастыру жоспарын құру үшін мектеп ауласы мен пәтерде кездескені айтылды. Олардың қолында аңшылыққа арналған екі қару болған. Ол арқылы полиция бөлімшесіне, түнгі клубтарға және сауда орталығына шабуыл жасауды ойластырған.
Топ 19 тамыздан бастап кездесе бастады. Сағыныш Құдайбергенов топтың «әмірі», ал Еламан Балтабаев «қазынашы» болып сайланған. Сотта Құдайбергеновтың шетелде де теракті ұйымдастыруды жоспарлағаны айтылды.
Әбілхайыр Жалғас пен Нұржан Сәбитов есімді сотталғандар топқа мүшелікке кіріп, теракті жасауға қатысуға келісімін берген.
Алайда топтың ғұмыры ұзаққа бармады. Полицейлер 28-30 тамыз аралығында жеті содырды ұстады. Топтың сегізінші мүшесі туралы сотта ештеңе айтылмады.
Ғаламтордағы қылмыс
Топтың қалай құрылғанын зерттеу барысында, полицейлер ғаламтор арқылы радикалды үгіт насихат жүргізілгенін анықтады.
Қуаныш Есенғұлов атты сотталған содырдың бірі террористік хабарламаларды тарату үшін өз телефонындағы «ВКонтакте» желісін пайдаланған. Лақап атпен парақша ашып, адамдарды жихадқа шақырған.
Содырлардың әлеуметтік желідегі парақшалары отбасы немесе құқыққорғау органдарының тарапынан өшіріліп тасталды.
Парақшада жарияланған видеолардың бірінде балалардың нысанға атып жатқаны көрсетіледі. Ол Ирак пен Левантаның ДАИШ лагерінде түсірілген деген болжам бар. Ондағы содырлар бетін бүркеместен жүзін ашық көрсетіп отыр.
«Егер адам еш жасырынбастан видеоға түссе, яғни ол арнайы қызметке ол үшін жоғалтатын ештеңе жоқ екенін ашық көрсетіп тұрғаны» деді конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлнәр Раздықова.
Жастарды радикалды топтан қорғау
Қазақстан билігі қауіпті әлсірету үшін жүйелі күш жұмсап жатыр.
Мұндай органдардың бірі конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы болып табылады.
Қазіргі таңда БАҚ және ғаламтор арқылы жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кездесулер, дөңгелек үстел, конференциялар ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы орталық басшысы Әзіз Жұмағалиев хабарлады.
«Жұмыстар ел бойынша жүргізілуде. 2016 жылы тек Петропавлдың өзінде аталмыш шаралар 15,5 мың адамды қамтыды» дейді Жұмағалиев.