Дәрі шөп терген қырғыздар қазақ шекарашыларына оқ атты

/uploads/thumbnail/20170708153448220_small.jpg

Қарасай шекара отрядының (Алматы облысы) шекарашылары қызмет барысында Қазақстан Республикасының аумағында жүрген үш салт аттыны байқайды. Ұстау кезінде белгісіз адамдар шекарашылардың тоқтау туралы талабына құлақ аспастан, қарсылық көрсетіп, аңшылық мылтығынан шекара нарядына қаратып 5 рет оқ атып, өздері қашып құтылуға тырысқан. Бұл туралы Baq.kz ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Шекара нарядының да амалсыздан қару қолдануына тура келіп, 1 рет аспанға, содан кейін шекара бұзушыларға қаратып 2 рет оқ атқан. Атыс кезінде зардап шегушілер жоқ. Қырғыз Республикасының екі азаматы ұсталып, біреуі көршілес мемлекеттің аумағына қарай қашып кетіпті. Ұсталғандар қырғыз елінің малшылары екен. Олар дәрілік шөптерді жинауға келген. Тексере келгенде олардан оптикалық көздегіші бар ұсақ ұңғылы мылтық, дүрді табылды. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары  тергеу амалдары жүргізуде.

Қамшы-ақпарат 

 

Қатысты Мақалалар