Орыс жазушысы: Империялық ұятын жеңе алмаған халық мәңгіге бала боп қала береді

/uploads/thumbnail/20170708153448729_small.jpg

Белгілі орыс жазушысы Дмитрий Быков өз елінің (Ресейдің) Украинаға қатысты ұстанған саясатын қатты сынап, бас көтерген мәдениет қайраткерлері тізіміне енеді. Бұл туралы Алаш айнасы газеті жазған.

Таяуда ол орыс зиялы қауымы өткізген "Соғысқа, Ресейдің оқшаулануына және тоталитаризмді әспеттеуге қарсы" конгресінде алғашқылардың бірі боп сөз алып: "Құрметті замандастар! Өз конгресіне жиналған орыстың зиялы қауымы өз билігіне сөз айтудың мәні жоқ екенін жақсы ұғынып отыр. Билік баяғыдан тыңдағысы келетінін ғана тыңдайды. Бірақ сыртқы экспанциясын доғару туралы жылт еткен ой да енді оларға жеткіліксіз: Ресей қандай да бір сыртқы қара күштің емес, іштегі билікке ұмтылғандардың, оны сақтап қалғысы келетіндердің қосқан процесіне ілігіп кетіп отыр. Асқынған сырқатпен күресу немесе тарихтың дегеніне көнбеу мағынасыз нәрсе.

Шешілмеген таудай мәселелер, зерттелмеген қарама-қайшы дүниелер және ақыры жіберіп алған мүмкіндігіміз орнынан қозғала бастады. Егер тағдырын шешуге биліктің немесе халықтың өз күші жетпесе, онда оны тарих жасайды. Біздің және бізбен бірге қалған әлемнің тарихтан тыс екі реттік ондаған жылдардан соңғы өмірінде бәріміз тарихтың ішінде жүрмекпіз.

БАҚ-тағы, блогтағы және жекелеген адамдардың басын жайлаған шовинистік ұстама ешкімді үркітіп-қорқытпауы тиіс. Соғысқа қарсыларды бүгін сатқындар, Батыстың жалдамалылары және бесінші колонна деп атар. Ресей үнемі "жүкті" болған агрессивтік ұлтшылдық кезеңінен өтіп жатыр, бірақ жүктілік өмір бақилық процесс емес қой. Мұндайды кез келген ұлт басынан өткеруі тиіс секілді. Бұл арада мәселе талқысы басқада: бұл оған не береді?

Агрессивті ұлтшылдықпен күрес тәжірибесісіз ешқандай да ұлт сау немесе толыққанды бола алмайды. Сондықтан бұл толғақты мәңгіге шегере беруге болмайды. Бір рет күю керек, сөйтіп оны қайталамайтындай болу қажет. Алдымызда қандай да бір санкциялар тоқтата алмайтын, айнып та қала алмайтын агрессия тәжірибесі бізді күтіп тұр.

Көпшілік үшін бұл авантюризм және халықаралық құқықты күштеу боп көрінбейді, керісінше оны ең мықтыға берілетін құқыққа оралу деп көреді. Қалай дегенмен де осыны бастан өткеру керек. Өзінің ішкі күйігі мен империялық ұятын жеңе алмаған халық мәңгіге бала боп қала береді", - деген.

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар