Түркия үшін "Еуразия" түсінігі

/uploads/thumbnail/20170708153451356_small.jpg

Соңғы кездері Қазақстан үшін жиі айтылып кеткен саяси сөздердің бірі "Еуразия" дейтін сөз. Эконмикалық сипатта болсын, саяси сипатта болсын ақпарат кеңістігінде жиі қолданылып жүрген бұл атаудың түсінігі сірә не? Ол біз үшін Экономикалық кеңістік қана, ары кетсе географиялық аймақ. Осы атауға Түркияның көзқарасы туралы Түркия ақпарт көзі "ТРТ-қазақ" арнасы төмендегідей мақала жариялаған. "Осы жұмбақ Еуразия құрлығында саяси бір одақ құрылып, тарихтағы орнын алғанша жалғасатын сияқты көрінеді." деп түйінделетін материалды назарларыңызға ұсынамыз, оқыңыз, ой түйіңіз қадірлі оқырман!

***                     ***               ***

Еуропа мен Азия тоғысқан бір аймақта орналасқан және өзін әрі азиялық, әрі еуропалық бір ел ретінде қабылдаған Түркия үшін «Еуразия» атауы бөтен емес. Премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның соңғы кездері кейбір мәлімдемелеріне көз жүгіртсек Түркияның Еуразия аймағында құрылған одақтарға назар аударып отырғанын айта аламыз. Мұндай қызығушылық болса да Түркияда «Еуразия» ұғымы жайлы нақты бір анықтама жоқ. Жалпы Түркияда «Еуразия» делінгенде батысқа альтернатив бір аймақ еске түседі. Алдымен Түркиядағы «Еуразия» атауын еске түсіретін оқиғалардың өткеніне көз жүгіртейік. Мұны кезеңдерге бөлсек, 1990 жылынан бұрын және кейін деп екіге бөліп қарастыра аламыз. Османлы мемлекетінің соңғы жылдарында осы жерлерге байланысты елдің ұстанымы туралы үнемі пікір-таластар бар еді. Зиялылар батысшылдық, исламшылдық, түрікшілдік және Османизм идеяларымен бастарын қатырып жүрсе, республика құрылғаннан кейін Түркия бетін батысқа бұрды. Басқаша айтқанда батысшылдық идеологиясын мақұлдады. Сол кездегі «Еуразияшылдық» идеясының Түркиядағы үлгісі болып табылатын түрікшілдік пен Османизм артта қалды. Мәскеу мен Түркістанда табысқа жете алмаған Энвер паша мен жақтаушылары Түркияның шығысқа бет бұруы керектігін ойлайтын. Зия Гөкалптың «Қызыл алма» идеясы да мұны көксейтін. Одан кейінгі кезеңдерде империализмді сынға алған солшылдар шығыс пікірлеріне де жақындай бастады. Ол кезде «Еуразия» дегенде Түркияның шығысы емес, астанасы Мәскеу болған бұрынғы Кеңес одағы аймағы еске түсетін. Түркияның НАТО-ға мүше болғаннан кейін социалистік жағрапияда орын алған елдер Түркияны батыс блогында орын алған ел ретінде қабылдады. Кеңес одағының ыдырауына дейін бұл жағдай осылайша жалғасты. * * * Салқын соғыс қаупі жойылғаннан кейін Түркия Кеңес одағынан бөлінген тәуелсіз мемлекеттерді танып, олармен байланыс құра бастады. «Түркі әлемі» ұғымы ашық түрде айтыла бастады, Түркия Республикасының 9-шы президенті Сүлейман Демирелдің «Адриатикадан Қытай қорғанына дейін түркі әлемі» мәлімдемесі естерде сақталды. Бұрынғы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшысы Тунжер Кылычтың мәлімдемесі болса ұзақ уақыт тартыстарға себеп болды. Түркияның түркі әлемімен ынтымақтастығы екі тараптың да қателіктеріне байланысты табысқа жете алмады. Осы жағдайға бәлкім «Түркі әлемі», «Еуразия» сияқты атаулардың мағыналық түсініксіздігі де ықпал еткен шығар. Ресейдің қайтадан күшеюінен кейін Түркияда «бұл жұмыстар Ресейсіз жүрмейді» деген түсінік қалыптасты. Түркия 2001 жылы Ресеймен «Еуразияда ынтымақтастық» жобасына қол қойды. Бұл жобада «Еуразия» деп бұрынғы Кеңес одағы жағрапиясына кірген жерлер аталды. Әділет және өркендеу партиясы билікке келіп күшейгеннен кейін жан-жақты, Анкарадан басқарылатын саясат жүргізуге талпыныстар жасады. Ресейден бастап, Түркияның шығысындағы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытты. Еуразия жағрапиясы Әділет және өркендеу партиясы үшін аса маңызды бір аймақ болмаса да, ұмытылмауға тиіс, стратегиялық әріптестік деңгейінде ынтымақтастықтар құруға болатын аймақ ретінде қабылданды. Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның «Афроеуразия» идеясының ішінде орын алды. Қарайтын болсақ Түркияда ұлтшылдар мен радикалдардың өздеріне тән «Еуразия» аймақтары бар екенін байқаймыз. Радикалдар мұны «Османлы жағрапиясы» деп түсіндірсе, ұлтшылдар «Тұран жағрапиясы», республикашылар болса Ресей мен Америкаға қарсы шығу ретінде түсіндіреді. Түркияда «Еуразия» атауы мұнымен де шектелмейді. Мысалы Стамбұл Университетіне қарасты Еуразия институтының жұмыс аймағы ретінде Түркия, Жерорта теңізі мемлекеттері, Шығыс Еуропа және Балкан мемлекеттері, Орташығыс, Кавказ және орталық Азия мемлекеттері көрсетіледі. Байқаған шығарсыз, Түркияда да «Еуразияның" нақты бір түсіндірмесі жоқ. Осы жұмбақ Еуразия құрлығында саяси бір одақ құрылып, тарихтағы орнын алғанша жалғасатын сияқты көрінеді.

Қатысты Мақалалар