Аляскада алғашқы мешіт салынады

/uploads/thumbnail/20170708153453563_small.gif

АҚШ-тың Аляска штатының полярлы белдеуінде орналасқан Анкоридж қаласында мешіт салынбақ. Құрылысы басталып кеткен мешіт Аляска бойынша бой көтеретін ең алғашқы мешіт болмақ. Бұл туралы Muslim.kz. сайты жазды.

Аталмыш мешіттің қысы қатал, ақ қар, көк мұз жастанған Алясканың аязды күндерінде де қалыпты температураны ұстап тұратын жылы едені болмақ. Салынып жатқан мешітте мұсылмандар үшін барынша жақсы жағдай жасалынатын болады. Анкоридж қаласында қазіргі кезде 300 000-ға жуық жан тұрғанымен, әлі күнге дейін бірде-бір құлшылық ордасы болмаған.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар