Украина НАТО мен Еуроодақтан әскери көмек сұрайды

/uploads/thumbnail/20170708153505519_small.jpg

Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин немістің Deutschlandfunk радиостанциясына берген сұқбатында Еуропалық одақ пен НАТО-дан әскери көмек сұрайтынын жеткізді, бұл туралы Tengrinews жаңалықтары жазды.

Радио журналисінің Украина ЕО пен НАТО-дан көмек сұрауға әзір ме? деген сұрағына Климкин: "Әрине, Бізге әскери көмек керек. Бұл мәселе бойынша көмек көрсетілетін болса, біздің бөлімшелердің жер жерде әрекет ету жеңілдей түседі. Қазір Украина, Ресей және Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымдарының (ЕЫҚҰ) аймақтық байланыс топтары құрылғанына қарамастан Донецк пен Луганск өкілдерімен байланысқа шығу мүмкін болмай тұр ",  - деген. Климкиннің ойынша, бар мәселе елдің шығысындағы ресей жасақтарында болып отыр. Олар украин әскерилерімен келіссөз жүргізуге құлық танытпауда. Сондай-ақ ол қыркүйектің басында өткелі отырған НАТО саммитінде "реформа және қарулы күштерге үлкен көмекке" мұқтаж болып отырған Украинаға саяси қолдау көрсетілетініне сенетінін айтты.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар