Израильде араб жігіт пен ислам дінін қабылдаған еврей бойжеткен үйленіп, тойдың соңы наразылық шеруіне ұласып кетті. Салдарынан жергілікті полиция ультраоңшыл төрт белсендіні қамауға алды. Бұл туралы Baq.kz жазды.
Тель-Авив іргесіндегі қалашықта орын алған ереуілге жүздеген адам қатысқан. Күйеу жігіт бұған дейін Израиль сотынан ереуілдерге тыйымсалуын сұраған екен. Алайда, сот оның талабын қанағаттандырмапты. Ал, Израиль президенті Реувен Ривлин жас жұбайлар Махмұд пен Морельге бақыт тілеп, шерушілердің әрекетін жазғырыпты. The Times of Israel газетінің хабарлауынша, Ривлин наразылыққа шыққандарды кеміргіштерге теңеп, израильдік демократияның негізін бүлдіріп жатыр деп айыптаған көрінеді.
Қамшы-ақпарат