26 тамызда Ұлыбританияның Лондон қаласында Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығының ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Орталықтың ашылуы - этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін танытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру, мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған.
Ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасының депутаты сэр Тони Болдри және британдық инвесторлар, ғалымдар, екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде қарым-қатынас жүргізетін компания өкілдері қатысады.
Естеріңізге салатын болсақ, Лондон әлемнің ең қымбат қалаларының бірі болып саналады. Орта есеппен қарапайым үш бөлмелі үйдің бір айлық жалақысы Лондонда 10 мың фунд стерлингті құрайды.
Қамшы-ақпарат