Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Петр Порошенко 26 тамызда Минскіде кездеседі деп хабарлады Азаттық радиосы сайты. Баларусь сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Дмитрий Мирончик мәлімдеген бұл ақпаратты Ресей және Украина президенттерінің баспасөз қызметтері де растаған.
Путин мен Порошенко Минскіге Кеден Одағы елдері басшыларының кездесуіне барады. Ол жиынға Еуропа Одағының өкілдері де қатыспақ. Шығыс Украинадағы "жағдайды тұрақтандыру" кездесуде сөз ететін мәселелердің бірі болуы мүмкін. Украинаның шығысындағы сепаратистер мен үкімет әскері арасында қақтығыстар жиі болып, өңірде бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр.
Қамшы-ақпарат