Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасымжомарт Тоқаев пен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэролин Браун кездесті. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. Сенаттың ресми сайтының хабарлауынша, кездесуде Тоқаев екі ел парламентарийлері және ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы арасындағы байланысты ары қарай дамыту жайын айтқан.
Спикер мен елші бұған қоса халықаралық жағдай жайлы, оның ішінде Украина дағдарысы туралы да пікір алмасыпты. Кэролин Браун Украинадағы қақтығыстардың шиеленісуіне алаңдайтынын айтқан. Ал Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың украин дағдарысынан шығу жолдарын "белсенді қарастырып жатқанын" мәлімдеді.
Қамшы-ақпарат