Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қайрат Қожамжаров Қазақстандағы белгілі адамдардың ұсталуы турасында өз пікірін білдірді.
«Әр адам жемқорлыққа қатысты оқиғаның куәсі болса ол туралы қажетті құзырлы органдарға хабар беруі тиіс. Жемқорлыққа қарсы ведомства барлығын тексеруге құқылы» дейі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
Ұжыммен жұмыс істейтін әр қазақстандық заңға қайшы, дұрыс емес істерге куә болса ол туралы басшыны немесе қажетті құзырлы органдарды хабардар ету керек. Бұл әрбір қазақстандық үшін қалыпты жағдай болуы тиіс. Әрбір адам өзінен «Мен жемқорлықпен күресу үшін не істедім?» деп сұрауы керек. Біз көп уақыт төменгі санаттағы шенеуніктермен айналыстық. Қазір жағдай өзгерді. Шын мәнісінде тексеруге болмайтын адамдар жоқ» деді Қожамжаров.
Бұл түрлі деңгейдегі барлық отырыстарда жемқорлықпен күрес туралы айтып жүрген президенттің шешімі екенін де жеткізді.
«Егер барлығымыз бірігіп осыны қолға алсақ жемқорлықты түп тамырымен жоюға қауқарымыз жетеді. Оған да аз қалды» деді Агенттік басшысы.
Қылмыстық процесстің ашықтығына тоқтала келе Қожамжаров зерттеудің бастапқы кезінде қоғам кейде түсініксіз күй кешетінін айтты. Себебі кейде қылмыстық тексеруге белгілі адамдар ілігіп жатады.
«Олар түрлі салаланың адамдары болуы мүмкін. Оның ішінде шығармашылық салалары да бар. Мәселен, Жаманқұлов. Халық әртісі, ел сүйіктісі Жаманқұлов айыпталушы ролінде болады деп кім ойлаған. Менің есімде белгілі журналист Ғабдулинге қатысты қылмыстық процесс басталғанда сот ашық түрде өтті. Барлығын өздеріңіз көрдіңіздер. Ол өз кінәсін мойындады. Барлық дәлелдер оның ішінде құпия тергеу нәтижесі де қоғам назарына ұсынылды. Онда оның талаптары туралы айтылған әңгімелері де айтылды: «Сіз маған осындай соммаға тапсырма бересіз, өйтпеген жағдайда үлкен қиындыққа тап боласыз». Ол шынымен де сондай мақалалар жазды» деді Қожамжаров.
Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов 2016 жылы 2 қарашада «Феникс» атты көркем фильм түсіріліміне арналған 69 миллон теңгені жымқыруы мүмкін деген күдікпен ұсталды. Актер ақшаны алғанын мойындады және істеген ісіне өкініп, келтірген шығынын өтеуге уәде берді. Сонымен қатар ол қылмыстық жауапкершіліктен босау үшін өтініш білдірді. Жаманқұловтың, аталмыш фильмнің атқарушы продюсері Юдинамен және «Қазақфильм» АҚ экономика мен қаржы басқарушы директоры Искакованың келтірген шығыны есептелгеннен кейін өтініш қаралатын болады.
Central Asia Monitor және Radiotochka.kz бас редакторы Бигелді Ғабдулин де 2016 жылы ұсталды. Тергеудің мәліметіне сай, журналист қызмет деңгейін пайдаланып ақша бопсалаған. Ғабдулин ҚР ҚК 194 баптың 4 бөлігі бойынша айыпталды. Журналистің адвокаты Аманжол Мухамедьяров айыпталушының 20 миллион 625 теңге көлемінде қаржыны төлеп, шығынды өтегенін және істеген ісіне өкінетінін айтқан. 2017 жылдың 24 қаңтарында Ғабдулин сот залынан босатылды.