Бір жасар қызын бос үйге тастап кеткен ана 10 жылдан кейін оралды

/uploads/thumbnail/20170709205155776_small.jpeg

Ярославль ауданының тұрғыны бұл оқиғаны әлі күнге дейін біледі: бірнеше күн бойы олар кішкентай баланың жылаған даусын естиді. Алдымен бұған мән бермейді, кейіннен жылаған дауыстың бос үйден шығып жатқанын түсінгенде алаңдай бастайды. Олар полиция шақыртады.

Жабық тұрған есіктің артында полицейлер не күтіп тұрғанын білмеді: Жерде, қараңғы бөлмеде әлсіреп жатқан кішкентай қызды көреді. Оның әбден әлі құрып, әрең тыныс алып жатыр екен.

Басқа бөлмелер бос екен. Үйдің тұрғындары бәрін алып, көшіп кеткенге ұқсайды. Тек өз баласын ғана тастап кетіпті.

Қызды дереу ауруханаға жеткізеді. Оның жамбасы сынғанын және бос үйде бір апта бойы сыздаған жерде жатқанын білгенде дәрігерлер таңғалады. Полицейлер бір жасқа енді толған сәбидің аты Лиза Вербицкая екенін анықтайды. Оның ата-анасын іздеуге береді. Олар құдды жоқ болып кеткендей... Лизаны жергілікті балалар үйіне аудару үшін шешім шығып қойған болатын.

Бұл уақытта жергілікті тұрғын Инна Ника есімді әйел баласы ауырып қалғанына байланысты сол ауруханада болады. Кезекті рет ауруханаға барып жүрген күндердің бірінде ол көрші палатадан қыздың жылаған даусын естіп, ол қызды көруге асығады. Осылайша Инна кішкентай Лизамен таныс болады. Ол медбикелерден сұрастырып, кішкентай Лизаның ауыр тағдыры жайында бәрін біліп алады. Әйел оған жиі-жиі келіп, ойыншықтар мен жаялықтарын әкеліп тұрады.

Инна екі баланы тәрбиелеп отырған ана және Лизамен кездескенге дейін ол асырап алу жайында ойланбаған еді. Бірақ, бір күні қызды балалар үйіне өткізіп жібергенін естігенде, Лизасыз өмір сүре алмайтынын түсінеді. Балалар үйінің адресін дәрігерлерден анықтап, балаға қарай асығады.

Бірнеше айдан соң, Лизаны қамқорлығана алуға толық құқылы болады. Қыз да өзінің жаңа үйіне келеді. Ол екі жасында тек сұйық тағамдарды ғана іше алатын еді, жүре алмайтын, қатты дыбыстардан үрейленетін. Қызға көмектесу үшін Инна оны би мектебіне береді.

Лиза көп өтпей-ақ құлпырып сала береді. Мектепке баратын уақыты келгенде осындай сымбатты да сұлу қыздың ата-анасы баласын өлімге қиып, бос үйде тастап кеткеніне, нағыз сұмдықты басынан кешіргеніне сене алмайды.

Лиза жарқын да ерекше қыз, сондықтан қыз өз ортасында үнемі ерекшеленіп жүретін. Кейбіреулері оны мазақ етіп, «цыған қызы», «қара» деп оның шамына тиетін. Бірақ Лиза оған көңіл бөлмейтін. Өйткені қиын шақта оның тірегі болып үнемі асырап алған анасы тұратын. Анасы оған: «Өйткені сен әдемісің, ешкімнің сөзіне мән берме!» деп айтып отыратын. Және бұл талассыз еді. Өзінің 12 жасында ол бірнеше сұлулық байқауларын жеңіп алды, сән кештеріне қатысып жүрді және балалар киіміне жарнама жасайды.

Кішкентай сұлулық ханшайымы танымалдылыққа ие болады, оның ерекше тағдыры жайлы баспасөз беттерінде жариялана бастайды. Қыздың биологиялық анасы кенеттен пайда болып, баласы бар екені есіне түседі. Телевидениеға жүгінген әйел қызын қайтарып беруін талап етеді. Әрине, бұл жайында сөз қозғалмайтын еді. Бірақ баласын не үшін тастап кеткенін түсіндіре алмаған ананың осылайша кенеттен пайда болғаны Лиза мен оның отбасының тынышын қашырды. Инна өз қызы  үшін күресетінін айтады. Оның үстіне, Лиза қай жақта қалатынын шеше алатын жаста еді!

Қамқорлық пен махаббаттың біздің өмірімізді қалай өзгертетіні таң қалдырады. Өзге адамның махаббаты тастанды қызды әдемі, өз-өзіне сенімді қызға айналдырды. Лизаның өз армандарына жететініне еш күмән жоқ. Мұндай қолдаудан кейін оның қолынан бәрі келеді! 

Қатысты Мақалалар