Хоккейден Ресей мен Қазақстан арасындағы финалдық кездесу аяқталғаннан кейін ресейлік құрама өкілінің әдепсіз қылығы видеоға түсіп қалды. Ол әлеуметтік желіде таралып, желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Алайда, Ресей құрамасы өкілінің әдепсіз қылығы кімге бағытталғаны белгісіз.
Матч 1:0 есебімен Ресейдің жеңісімен аяқталды. Хоккейлік команданың қуанған сәтін түсіріп тұрғанда, команда мүшесі әдепсіз қылық көрсетіп, ол камераға түсіп қалған.
Естеріңізге сала кетейік, ойынның 42-ші минутында Қазақстан құрамасының қақпасынан ресейлік Даниил Ильин саңылау тауып, Ресей құрамасы Универсиаданың алтын медалін алды.