Парижде жойқын жарылыс болды

/uploads/thumbnail/20170709205254231_small.jpg

Париж маңында бірнеше күннен бері наразылық шарасы өтіп жатыр деп хабарлайды 24.kz. Оған полицейлердің озбырлығы себеп. Көліктермен қоқыс жәшіктерін өртеген жастарды тоқтату үшін полицейлер арнайы құрал пайдаланып, ауаға оқ атқан. 30 белсенді ұсталды. Оне-су-Буадағы оқиға соңы жанжалға әкеп соқтырды. Тәртіп сақшылары Тео есімді азаматты құрықтау кезінде күш қолданып, ұрып соққыға жыққан. Нәтижесінде ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Науқастың жағдайын білу үшін ел Президенті Франсуа Олландтың өзі ауруханаға барды. Оқиғаға қатысы бар деген полицейлерге айып тағылып отыр.

Париждегі шу мұнымен бітпек емес. Франция астанасында метрода жойқын жарылыс болды. Жолаушылар эвакуацияланды. Бұл туралы Mirror агенттігі хабарлады. Оқиға Италия алаңының маңында болған. Жарылысқа электр қуатындағы ақаулар себеп болды. Алдын ала болжам бойынша жарылыстан 8 адам зардап шекті.

 

Қатысты Мақалалар