Беларусь Даму банкі Қазақстанда $11,5 млн. сомада Geely көлігін сатуды қаржыландырмақ

/uploads/thumbnail/20170708153553569_small.jpg

"Беларусь Республикасының Даму банкі" ААҚ Беларусь елінде құрастырылған Geely көлігін қазақстандық нарыққа жеткізуде "БелДжи" ЖАҚ есеп айырысу үшін $10,9 млн. сомасына "Вираж" ЖШС (Қазақстан) экспорттық несие желісін ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Несиелік желі "Белэксимгаранта" сақтандыруының негізінде 1 жылға 1,9% жылдық пайыздық мөлшерлемемен ашылды. Жоба бойынша осы айда $11,5 млн. сомаға түрлі модельдегі 883 автомобильді жөнелту көзделген. Бүгінде беларусьтік өндіруші сомасы $8 млн. болатын көліктерді "Вираж" ЖШС-не жеткізіп үлгерген.

Еске салатын болсақ, Geely қытайдың он ірі авто компаниясының бірі болып саналады. Іргесі 1986 жылы қаланған.

 Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар