Бостондағы лаңкестік әрекетке қатысты айғақтарды жойған деп айыпталған Диас Қадырбаев сотта өзінің кінәсін мойындауға келісті. Бұл туралы Baq.kz жазды.
Бірақ, қорғаушы Роберт Сталдың мәлімдеуінше, Қадырбаевтың өзіне тағылған нақты қандай айып бойынша кінәсін мойнына алатыны белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, оған аталған қылмыстық істің айғақтарын жою үшін сөз байласқан деген айып та тағылған еді. Қадырбаев тергеумен келісімге жетуге бел байлаған сыңайлы. Себебі, АҚШ заңдары бойынша, егер айыпталушы сотта кінәсін мойындаса, аталған келісімге сәйкес оның жазасы жұмсартылуы мүмкін. Қадырбаевтың ісін сотта қарау 8 қыркүйекке белгіленген.
Қамшы-ақпарат