Қазақстанда АИ-92 бензині 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін. ҚазАқпараттың жазуынша бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары Ерлан Қойбағаров мәлім еткен.
«Біздің сарапшылық пікірімізге сәйкес, қазіргі таңда бензин бағасының көтерілуі тиістігін дәлелдейтін екі фактор бар. Біріншісі, елімізде жүргізілген ұлттық теңге бағамының өзгеруі. Екіншісі, дәл осы мұнай өніміне маусымдық баға өсімінің орын алуы. Яғни, біздің сарапшылық пікірімізше, бензин бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы тиіс. Бұл әділ баға болар еді», - деп мәлімдеген ол. Бірақ Қойбағаров бензин бағасы нақты қашан көтерілетіндігін айта алмаған.
Қамшы-ақпарат