Бүгін Қазақстандық БАҚ ел ішіндегі жанармай бағасы көтерілгені туралы хабарлады. Жанармай бағасының өсуіне байланысты Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі жанар-жағармай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағасының шегін белгілеген, бұл туралы Азаттық радиосы жазды.
Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың министрлік сайтында 21 тамыз күні жарияланған бұйрығы бойынша, енді дизель отынының бір литрінің бағасы - 115 теңгеден, АИ-80 маркалы бензин - 89 теңгеден, АИ-92/93 маркалы бензин - 128 теңгеден аспауы керек.
Бұған дейін Алматыда дизель отынының литрі – 115 теңге, АИ-80 маркалы бензин – 89 теңге, сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензині – 115 теңге, ал АИ-96 маркалы бензин 145 теңгеден болған.
Бірақ соңғы кездері жанармай құю бекеттерінде, әсіресе ресейлік бензин сатушыларда сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы сезіле бастаған. Соңғы он күндікте көптеген жанармай құю станциялары бұл сападағы бензинді шектеп сата бастаған немесе мүлде сатпаған болатын.
Қамшы-ақпарат