Диас Қадырбаев 7 жылдан аспайтын мерзімге сотталуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708153556645_small.jpg

АҚШ билігі «Бостондағы (Массачусетс штаты) лаңкестік актіні тергеуге кедергі жасады деп айыптаған қазақстандық студент Диас Қадырбаев тергеумен мәмілеге келіп, өзінің кінәсін мойындады», - деп хабар таратқан, бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Прокуратура өкілдері келісім шарттарына сәйкес Қадырбаев жеті жылдан аспайтын мерзімге түрмеге қамалуы мүмкін, дегенмен оның адвокаттары өздерінің қорғауындағы адамның жазасын бұдан да жеңілдетуіне  қол жеткізуі мүмкіндігін айтқан. Алайда айыпталушы Қадырбаевтың ісі бойынша нақты  үкім 18 қарашада жарияланбақ.

Еске сала кетсек, АҚШ билігі Бостон лаңкестік актісін жасауға айыпталған  Джохар Царнаевты білетін Қадырбаев және Қазақстаннан тағы бір студент Азамат Тәжаяқов  жарылыстан үш күн өткен соң оның приротехника салынған сөмкесін және нотбукті жойған деп айып таққан болатын. Бұл лаңкестік актіні тергеу ісін едәуір қиындатты. Айыптаушы тарап қазақстандық студенттер бұны Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерланның суреттерін жаңалықтардан көргеннен кейін жасады деп пайымдалуда. Яғни қазақ студенттерін Царнаев ісіне қолғабыс тигізбек болған деп санайды. Даудың басы боған Бостон марафонындағы лаңкестік туралы айта кетсек, 2013 жылғы 15 сәуірде Бостонның орталығында өтіп жатқан дәстүрлі марафонның мәресіне жақын маңда арасына 12 секунд салынып, екі жарылыс жасалған, оның салдарынан үш адам қаза тапты,  20-сы жарақат алды. Американдық билік бұл жарылыстарды ұйымдастырушылар және орындаушылар ағайынды 26 жастағы Темірлан мен 21 жастағы Джохар Царнаевтар деп санайды. Лаңкестіктен кейін бірнеше күн өткен соң Тамерлан полицейлермен атыс кезінде өлтірілді, ал Джохар оқтан жарақаттанып, тұтқындалған болатын.

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар