Әйгілі актер Джеки Чан ұлы Джессидің әрекеті үшін жалпақ жұрттан кешірім сұраған, бұл туралы ҚазАқпарат жазды. «Мен баламды тәрбиелейтіндей күйде емеспін, сол үшін де кінәлімін. Жауапкершілігін бірге арқалауым керек. Джейси екеуіміз барлығыңыздан кешірім сұраймыз», - деген көптің сүйікті актеры Чан. Ол сондай-ақ баласы туралы жағымсыз жаңалықты естігенде түсіне алмай дал болғанын, ал шешесінің жүрегі қарс айырылғанын да өкіне жеткізген. Әрі баламның басындағы жағдайдан барлық жасөспірімді сабақ болуға шақырған.

Еске салатын болсақ, Джеки Чанның 31 жастағы ұлы Джейси Чан Бейжіңде тайваньдық актер Кай Ко екеуі есіртімен ұсталған еді. Оның пәтерін тексергенде тағы да 100 грамм марихуана табылған. Енді олар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қамшы-ақпарат