Windows операциялық жүйесінің жаңа нұсқасы жақында жарияланады

/uploads/thumbnail/20170708153558865_small.jpg

 «Майкрософт» корпорациясы Windows операциялық жүйесінің келесі нұсқасын 30 қыркүйек күні таныстырады, Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Хабарға сай The Verge басылымы құрушылар үшін жасалған операциялық жүйенің бета-нұсқасы Threshold деген атаумен таныстыратынын жазған..

Сарапшылардың айтуынша, бұл операциялық жүйеге барлық қолданушылар 2015 жылдың көктемінде қол жеткізетін болады. Естеріңізге салсақ аталған компания компьютер қолданушылар үшін 2012 жылы "windows-8" операциялық жүйесін таныстырған болатын. Көптеген қолднушылар бұған дейін "windows"-тың келесі "windows-9" нұсқасы шығады деп күтіп келді.

Аталған шара компанияға жаңа басшы Сатья Наделла келгеннен кейінгі ең айтуылы жаңалық болмақ. Ол Microsoft-тың «ардагер» жетекшісі Стив Балмердің орнын басты. Компанияның экс-басшысы 19 тамызда қызметінен кеткен еді.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар