2 қыркүйек күні Парламенттің бірлескен отырысы өтеді

/uploads/thumbnail/20170708153600606_small.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы қыркүйектің 2-сінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 2 қыркүйекте, сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповтың өкімінде. Мәжілістің баспасөз қызметі жариялаған құжатта бірлескен отырыстың күн тәртібі көрсетілмепті. Айта кететін болсақ заң шығарушы органның дептуттары қазір жаздық демалыста.

Еске сала кетейік, Қазақстан Парламенті - республиканың заң шығарушы жоғарғы өкілетті органы. Ол қос палатадан тұрады: Сенат және Мәжіліс. Төменгі палатаның бесінші шақырылымының құрамы 2012 жылдың қаңтарында бекітілді. Конституциялық нормаларға сәйкес, 2008-2011 жылдары сайланып, ҚР Президенті 2007-2011 жылдары бекіткен Сенат депутаттары бесінші шақырылымда өкілеттіктерін жалғастырды. 

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар