Қызтекелер Құрманғазы мен Пушкинді "сүйістірді"

/uploads/thumbnail/20170708153612676_small.jpg

Алматылық жарнама агенттігі Құрманғазы Сағырбайұлы мен Александр Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер жасап шығарған.  Tengrinews.kz-тің жазуынша суреттегі жарнама Постер Havas Worldwide Kazakhstan компаниясында жасалған, тапсырыс беруші - Қазақстанның ЛГБТ-қоғамдастығы. Жоба Алматыдағы Құрманғазы және Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан гей-клуб - "Студия 69" көңіл көтеру орнын жарнамалайды екен.

Азғындықты насихаттайтын және қазақтың ұлы қайраткері Құрманғазыны қорлайтын жарнама әлеуметтік желілерде көпшіліктің наразылығын туғызып жатыр. Қолданушылар бұл жоба ұлы қайраткерлердің бейнесін қорлап, дәстүрлі емес жыныстық ориентацияны насихаттайды деп есептейді. Бірақ кейбіреулерге атышулы постер тіпті ұнаған - олар "отандық шығармашылықтың бедеу даласынан қандай да бір креатив көргендей" болған. Постер авторларының бірі, копирайтер Валерий Володин жобаға қатысты түсінік берді. "Бұл - батыл жұмыс, үнемі теперіш көріп жүретін гей-қозғалыс жағдайында ол мейлінше дәл әрі өзін-өзі ақтайды. #redjolbors фестивалінің қазылар алқасы оны қола жүлдеге лайық деп шешті, біз қазылар алқасын сынай алмаймыз. Жәдігөйлік жойылсын!" - деп түсінік жазған Facebook-тегі парағында.

Аталған жарнамаға қатысты Түркістан газеті «Ұлттың ұлына айналған Құрманғазыны ғана емес, тұтас бір ұлтты, Қазақты қорлаған жетесіздерге құзырлы органдар тарапынан тыйым салынуы тиіс», - деп жазды. Газеттің жазуынша  әлеуметтік желілер арқылы бір біріне үндеу тастаған қандастар Құрманғазының ұрпақтарын табуды және құзырлы органдарға шағымданып, әлгі гей клуб пен оның жарнамасын жасағандарды сотқа беруге бекініп отыр. 

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар