Гүл халықына президенттік қоштасу айтты

/uploads/thumbnail/20170708153640534_small.jpg

Президенттік лауазым мерзімі екі күннен кейін, 28 тамызда аяқталатын Түркияның экс-президенті Гүл халыққа арнап қоштасу жариялады. Бұл туралы  ТРТ-Қазақ  арнасы жазды.

Гүл жолдауында «Ұлттық ерік-жігердің өкілі, ұлы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі тарапынан президент болып сайланған міндетім барысында алдымен Чанкаяның қақпасын халыққа айқара аштым. Мемлекет пен ұлтты жақындастырдым. Атазаңды орындау және мемлекеттік органдар арасында үйлесімділікті қамдау міндетімді лайықты түрде орындауға тырыстым» деген. Саяси көзқарасына қарамастан бейтараптығын сақтағанын білдірген Абдуллах Гүл шетелдерге сапарында да мемлекет пен ұлттың атына, күшіне және абыройына нұқсан келтірмегенін айтты.

Абдулла Гүл 1950 жылы 29 қазанда, Түркияның 27 жылдық Тәуелсіздік күнінде туылған. Ол Түрік республикасының 11 президенті. 2007 жылы, 28 тамыздан Түркия президенті болды. Оған дейін Сыртқы істер министрі болған. Гүл 2002 жылы 11 қарашада Түркияның премьер-министрі болып сайланып, Түркияның 58 үкіметін құрды. Экс-президент елдің заңы бойынша сайлауға түсті және заң аясында 7 жыл президенттік қызмет атқарды. Ол өзінің президенттік қызметі аясында 2008 жылы, Астана қаласының он жылдығында және  2010 жылы Қазақстанға іс сапармен келді.

Түркия жұрты оны енді кеңесші қызметін атқарады деп болжайды. Себебі үлкен саясатта Гүлдің басы даулы мәселелерге шатылған емес.

Қамшы-ақпарт

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар