НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАН ӨЗІН ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛМАЙ КЕЛЕДІ?

/uploads/thumbnail/20170709214724195_small.jpg

Қазақстанның азық-түлік экспорты қандай деңгейде? Астықты экспорттау бойынша 6-шы орны алсақта неліктен макарон өнімдерін сатып аламыз? Осы және өзге де сұрақтарға qamshy.kz порталы жауап береді. 

Қазақстан  әлі күнге дейін халықты өз азық-түлігімен қамтамасыз ете алмай келеді. Шетелден қарапайым көкөністерді сатып алу үшін көп қаражат жұмсайды. Біз тек етті ғана емес, егін егуден көшбасшы елдердің бірі болсақта макарон өнімдерін көптеп сатып аламыз. Бәлкім мәселе өз өнімдеріміздің үлесінің көп бөлігі экспортқа кететін болғаннан кейін шығар?

 

Алайда Қазақстан өзін қамтамасыз ете алады деген өнімдердің көп бөлігі импортталған екен. Мәселен, қой еті жыл сайын  $36 млн. соммаға алып келінеді. Сонымен қатар, жылына орташа есеппен 16-18 миллион тонна бидай өсіріп, оны экспорттау бойынша 6-шы орын алса да, соңғы бес жылда еліміз $50 млн. макарон өнімдерін сатып алған. Бұл қаражаттың барлығы шетелдіктердің қалтасын қампайтып отыр деп жазады kapital.kz.

 

Орташа есеппен 3 миллиард долларға өнімдерді алып келеді екен.  2011 жылы біз 27-28 млн. тоннаға дейін астық жинай алдық. Осыны ескере отырып, макарон өнімдерінің импорты туралы не айтуға болады? Сонымен қатар, біз астығымызды Қытайға түрлі себептермен сата алмай келеміз. Белгілі болғандай қазақстандық астықтың бағасы американдық, канадалық және аустралиялық астықтан қымбат.

ҚХР Синьцзяндық филиалының ғылым Академиясының бас ғылыми қызметкері өткен жылы Қазақстаннан экспортталатын астықтың нақты сұрыптарға бөлінбегенін, Қытай тұтынушыларының сұранысына жауап бермейтінін және бағасының өте қымбат болуына байланысты ірі сатып алушыларды таба алмай жататынын айтқан.

 

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері құрылыс инфрақұрылымы саласында да әдемі сөздерден нақты істерге көшпедік. Жеткілікіті деңгейде тәулік бойы үздіксіз өнімдерді сақтайтын орталық ашылмады. «Базардағы мафияның» көзін жоя алмадық. Олар арзан бағаға ауыл тұрғындарынан өнімдерді сатып алып, өздернің ойына келген бағаға сатады.

Өз кезігенде қазақстандық ауылшаруашылық өнімдері экспортын жоғары бағалай алмаймыз. Елдегі ауылшаруашылығы саласының алдыңғы қатарлы сарпашлыраның бірі Евгений Аман экспорттың неліктен кенжелеп қалғанын түсіндіріп бері.

 

«Егін туралы айтсақ біз жақында ғана советтік көрсеткіштерге жеттік. Яғни в 10−15%. Алайда қатты бидайды мықты аграриялар өндіреді. Сондықтан біз Германия, Италия секілді елдерге жете алмай жүрміз. Көрші Қытайға экспорттай алатынымыз жақсы. Алайда Қазақстан жылына 100 тонна ғана астықты жеткізе алады. Бұл мұхитқа тамызған тамшыдай ғана» деді Евгений Аман.

 

ДСҰ кіргелі Қытай астықты бақылау үшін квота енгізгенін ескеру керек. Қазір ол жылына 9 млн. 600 мыңды құрайды. Осыған қарамастан ҚХР қазіргі таңда белгіленген квотаға жетпейді. 2015 жылы Қытайға 3 млн. тонна астық жеткізген. Бұл жалпы квотаның тек 30,8% ғана. Осылайша қытайлық нарық 6 млн. тоннаны құрайды.

 

Евгений Аманның айтуынша біз Африкаға дәнді-дақыл өнімдерін экспорттаймыз. Бұрын Ресейге де жеткізетінбіз. Алайда қазір көрші ел бұл салада біздің басты бәсекелесімізге айналды.

 

Ал етке келсек, Қазақстан шетелдік сатып алушыларға тек сапалы мұздатылған еттерімен ғана олардың қызығушылығын оята алады.

 

«Ет нарығы әлі күнге дейін өз шыңына жетпеді. 60 мың тонна деген нақты сандар айтылды. Бұл математикалық есеп еді. Біз сол көрсеткішке жетуіміз керек еді. Алайда іс жүзінде барлығы біз ойлағандай болмай шықты. Мал идентификацияны жүргізгенде миллион бас жоқ екенін білдік» дейді Евгений Аман.

  

Аударған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар