Масқара! Ет пен шайсыз өмір сүре алмайтын қазақтың жағдайы қиындай түспек

/uploads/thumbnail/20170710005721053_small.jpg

Ет пен шайсыз өмір сүре алмайтын қазақ халқы үшін обал болды. Күнделікті қолданып жүрген азығы: қойдың еті, қара шай, сүт өнімдерінің әлеумет үшін маңызы қалмапты. Бағасы қымбаттай ма, әлде басқа да жағдай бола ма, билік өзі шеше жатар. Әзірге қолымыздағы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. 

 5 сәуірде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне өзгеріс енгізді. Қаулы ресми басылымда жарияланды, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.

  «ҚР Үкіметі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы етеді» делінген құжат мәтінінде.  

Сонымен, құжатқа сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына мыналар жатады:  бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны, бірінші сортты бидай ұны, макарон өнімдері: вермишель, рожки, кеспе, жармалар: қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары; тазартылған күріш, картоп, жаңа піскен көкөністер: асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, асханалық қызылша, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (жауырын-төс бөлігі, тауық еті, тауық саны Сүт: пастерленген, майлылығы 2,5%, Айран: майлылығы 2,5%, сары май: тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес,толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ, І санатты тауық жұмыртқасы, Ac тұзы («Экстра»-дан басқа), сүзбе (5-9% майлылығы). 

Бүл тізімде вермишель, кеспе, қарақұмық, сұлы, ақтаған арпа, ұнтақ жарма сияқты жарма түрлері, ас қызылшасы, сүйегі бар қой еті, тауық еті, майлылығы 3,2% сүт, айран, қатты мәйек ірімшік, өсімдік және майлылығы 49 пайызға дейінгі сары май, II деңгейлі тауық жұмыртқасы және түйіршіктелген қара шай жоқ. 

Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.  

Еске салайық, мұның алдындағы тізім ҚР үкіметінің 2011 жылдың 23 қыркүйегіндегі № 1089 қаулысымен бекітілген болатын.

Қатысты Мақалалар