Надя ағай! 35 жастағы еркек жынысын әйелге ауыстырып, жаңадан төлқұжат алды

/uploads/thumbnail/20170710005712396_small.jpg

ШҚО-да жынысын ауыстырған ер адамның жаңа төлқұжат алып, ресми түрде әйелге айналған жағдай бірінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды «Экспресс-к» басылымы. Мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Есімін Надя деп атаған ер азаматтың жасы 35-те.

Болашақ Надя жақсы отбасыда тәрбиеленген. Спортқа қызығатын әкесі баласын нағыз ер азамат етіп өсіргісі келген. Алайда, Надяның көңілі кішкентайынан қыздардың көйлегі мен ойындар қызықтырған. Кейіннен, өсе келе жасөспірім өзінің сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесінің арасында таңдау жасай алмай, қатты қиналған екен. Ол өз ойын жеңгісі келіп қанша тырысса да, қолынан түк келмепті.

Ер адам, тіпті, үйленіп те көрген, алайда мұның да пайдасы аса көп тие қоймаған. Таныстары оған медициналық көмекке жүгінуге кеңес берген. Ол мәскеулік ғылыми психиатриялық орталыққа барып, тексерілген, бірақ оған психикалық ауруы жоқ, гомосексуалдықтың белгілері бар деген диагноз қояды.

Кейіннен болашақ Надя түрлі гормондарды қабылдап, қызға ұқсай бастайды. Ер адамның сырт келбеті әйелге ұқсағанымен, ол хирургиялық көмектен бас тартқан.

Осы сәттен бастап әйелге айналған еркектің өмірі нағыз тозаққа айналады. Жынысын ауыстыру отасы жасалмағандықтан, оған әйел адамның құжаты мен есімін бермей қойған.

Сол сәтте Надя сотқа жүгінген, оның ісі Анна Леных есімді адвокатты қызықтырып, ешкім де адамды ота жасауға күштеп міндеттей алмайтындығын дәлелдеп шыққан. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің заңына сәйкес болғанымен, ҚР Конституциялық заңына қарсы болып отыр. Надя мен оның қорғаушысы Алматыдағы мықты психиятрдың көмегіне жүгініп, ақыр соңында ешбір отасыз өзін басқа жынысқа ауыстыруға болатындығын дәлелдеп шыққан. Осының арқасында, Надя жаңа төлқұжат алып, басқа да құжаттарын ауыстыру үстінде.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар