Осыдан 7 жыл бұрын Шымкент қаласында болған ауыр қылмыс жарты сағаттың ішінде шешімін тапты деп хабарлайды ainanews.kz басылымы. Мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.
2010 жылы Шымкент қаласының банк қызметкері 590 миллион теңге ұрлады деген айыппен халықаралық деңгейде іздеуге салынған болатын.Осы уақытқа дейін ол полиция қызметкерлерінен қашып ізін суыту үшін Украина, Ресей, Түркия және Еуропаның басқа да қалаларын паналаған.
Шымкент қаласында әйелі және екі баласы қалған. Осы уақыт аралығында ол да, отбасы да жоқшылықтың не екенін білмеген. Оның құжатындағы мөрлер оның ұшақ арқылы ел аралап, саяхат жасағанын дәлелдей түседі.
Ол отбасымен 7 жылдың ішінде үш рет Алматы қаласында кездескен, бірақ төртінші рет кездесу ол ойлағандай сәтті аяқталмады. Қазақстанның шекарасын кесіп өтемін деген ойы да іске аспады. Қашқын айтарлықтай жүдеп қалған, шаш үлгісі де адам танымастай өзгерген екен.
Ол 23 наурыз күні таныстарымен бірге Infiniti жеңіл көлігі арқылы Ресей шекарасын оңайлықпен кесіп өткен. Ал қазақстандық шекара қызметкерлері оның жалған құжатынан күмәнданған. Құжатта Өзбекстан азаматы Мақсат Айматов деп жазылған. Шекарадан өтер кезде қашқын өз-өзіне аса сенімді болған.
Полиция қызметкерлері қашқынның құжаттары кәсіби түрде жасалғандығын алға тартып, оны қолға түсіру қиын болғандығын айтады. Сонымен бірге оның сыртқы келбеті өте қатты өзгергендігі де қосымша себеп болып отыр. Осы оқиғаға байланысты қазақстандық шекарашылар өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдей түсті.
Кейін Қостанай облысының ІІБ саусақ белгілері арқылы Шымкент қаласында іздеу салынған қашқын-миллионер, бұрынғы банк қызметкері екендігін анықтады. Бірнеше күннен кейін барлық құжаттар жинақталып Мақсат Айматов Шымкент қаласының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Тергеу жүргізу барысында ол ақшаны бөліп-бөліп 70 – 90 миллион теңгелеп алғандығы белгілі болды. Отбасын сол ақшаның бір бөлігімен асыраған, қалған ақшаны казино ойнап өз қызығушылығына жұмсаған. Отбасымен кездесу үшін заңсыз түрде шекарадан өту барысында қылмыс белгілі болып, өз еркімен берілендегі мәлімденді.
Аударған: Әсел Өтешова