Ресейде кезекті жарылыс орын алды. Бұл жолы Дон бойындағы Ростов қаласының орталығында болды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ростов қаласының орталығында жарылыс болып, салдарынан бір ер адам жараланды. Кеуде тұсын күйік шалып, бір саусағынан айырылған ер адам дереу ауруханаға жеткізілді.
Полицей қызметкерлері оқиға орнына жедел аттанды. Нақтыланған ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай Социалистический көшесінің бойындағы мектеп маңында таңғы 7:00-де болған.
«№ 5 лицей күзетшісі мектеп аумағын аралап жүрген кезде жерде қалта шамына ұқсас зат жатқанын байқаған. Оны көтере бергенде, жарылыс болды», - деп жазады БАҚ.
Қазір аталған іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.